Аты Жүктеу
1 Жүктеу: М.Баймуханов атындағы орта мектеп мұғалімдерінің  кадрлық құрамы 2019-2020

Айтикешева Роза 1962 жылы 13 маусымда Атырау облысы Мақат ауданы
Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1979 жылы Сабыр Шарипов мектеп-
интернатында аға пионервожатый қызмет атқарған.

1982 – 1986  жылдар аралығында  Атырау музыка училищесінде оқып бітіріп,
еңбек жолын Доссор балалар музыка мектебінде жалғастырды.

Отбасылық жағдайға байланысты, Мақат балалар музыка мектебіне жұмысын ауыстырды.

1999 жылдан бері Мақат ауданы  Мұса Баймұханов  атындағы орта мектепте музыка пәні
мұғалімі болып еңбек етіп келеді. 2007 - 2010 жылы
Шымкент қаласындағы гуманитарлық - техникалық

университетінде  сырттай оқып тәмамдаған.

2010 жылы облыстық  Құрмет Грамотасы иегері.

2013 жылы облыстық Абай оқулары байқауында шәкірті Әлібаева Алита жүлделі  ІІІ орын алды.

2014 жылы «Өнерімді еліме арнадым  атты облыстық мектеп оқушылары арасындағы көркемөнерпаздар байқауында  «Балалар хорына»  Сертификат берілді.

2017 жылы 4 облыстық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль - конкурсында шәкірттері
Жылқыбай Ақжүніс  ІІ орын, Смайл Нұркен ІІ орын лауреат атанды.

Архарова Зульфия Базарбаевна 1965 жылы 28 шілдеде Өзбекстан КСР, Қарақалпақстан округі,Шуманай кентінде дүниеге келген.  

1982-1987 жылдар арлығында Түркіменстан КСР, Көне Үргеніш қаласында
№ 2 орта мектепті бітіріп, 1982-1987 жылдарда Таганрог мемлекеттік педагогикалық
институтының орыс тілі мен  әдебиеті мамандығы бойынша аяқтап шықты.

Алғашқы еңбек жолын 1987-1995 жылдарда    
Түркіменстан КСР, Көне Үргеніш қаласында № 2 орта мектепте мұғалім болып  бастады.     

1995 жылдан бастап Атырау облысы, Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет етіп келеді.                     
2009 жылы Атырау облыстық  білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталады.                                                                                                         

2013 ж. «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» тақырыбындағы XIV облыстық педагогикалық  оқуларында  II дәрежелі дипломмен марапатталды.                                                                                                                             
2008 жылы Мұханбетов Қанат  орыс әдебиеті пәнінен оқушылардың облыстық ғылыми жұмыстарының
жүлдегері I дәрежелі диплом иеленді.                                                            

2009 жылы  Мұханбетов Қанат  орыс тілі пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасының
III кезеңінің жүлдегері  III дәрежелі диплом, Кіші Ғылым Академиясының  I облыстық 
ғылыми конференциясында II дәрежелі дипломмен марапатталды.                                                                                         

2010 жылы  Иманбаев Мұхамбет, Қапақова Толқын (команда)орыс әдебиеті пәнінен

оқушылардың облыстық  ғылыми  жоба жарысының  жүлдегерлері III дәрежелі дипломмен марапатталды.                                                                                         

 2010 жылы Көңілқосова Перизат жалпы республикалық «Бір Ел, бір Елбасы»  
шығармалар байқауында облыстан II орынды иеленді.                       

2011 жылы  Қапақова Толқын жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың 
III(облыстық)  кезеңінде белсене қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

2018 жылы                                                                                                                                   

Баетова Тоты Сауыткалиевна 1963 жылы 18 желтоқсанда Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Құрманов кеңшарында дүниеге келді.

1983-1985 жылдар аралығында ПиМНО факультетінде оқыды.      

1986 жылы қыркүйектен бастап М.Баймұханов атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етіп келеді. 

2008-2010 жылдар аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2010 жылдың тамыз айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді. 

2011 жылы Атырау облыстық Білім беру басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2014 жылы ҚР «Зерттеуші» Республикалық ғылыми- білім беру орталығы «Үздік педагог- зерттеуші» І дәрежелі мадақтамасын алды.

2016 жылы «Мектеп» республикалық журналының «Үздік мұғалім»  төсбелгісімен марапатталды.

2018 жылы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Алғыс хатын» алды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет громатасын»  иеленді.

  Досахаева Айгүл Исламовна 1976 жылы 18 қарашада  Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген. 1993 жылы Мақат ауданы, Мақат кентіндегі №83 орта мектебін тәмамдады.

1993 – 1997  жылдар аралығында Атырау  қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы педогогикалық университетінің ПИМНО факультетін бітірді. 1995 – 1999  жылдар аралығында Мақат кентінің Бәйге-төбе ауылындағы бастауыш мектебінде қызмет еттті.

1999 жылдан бері М.Баймұханов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады.

2017 жылы Республикалық бастауыш сынып оқушылары арасында еліміздің оқу жүйесін жаңаша дамытуда дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаға қатыстырғаны үшін Мақтау қағазымен марапатталды.

2017 жылы Қазақстанның білім және ғылым әлемі «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» Елбасы жолдауының бес басымдықтарын іске асыру: «Білім беру мазмұнының жаңартудың маңыздылығы» атты семиинар – конференцияға қатысып, іс-тәжірибесі жинаққа шығып және «Білім беру ісінің үздігі»  төсбелгісімен марапатталған.

  Дунентаева Куралай  Валерьяновна  1982 жылы 20 қарашада Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. 1989-1999 жылдар аралығында Қызылқоға ауданындағы, Миялы селосындағы Б.Аманшин атындағы орта мектебін аяқтады.

 1999-2002 жылдар аралығы Ақтөбе мемлекеттік гуманитарлық колледжі «Бастауыш класта оқыту» қосымша шет тілін оқыту мамандығы бойынша тәмамдады.

2014-2016 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достастығы университеті  5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын сырттай  бөлімінде оқып шықты. 2002 жылы алғаш еңбек жолын Миялы селосындағы Х.Досмұхамедов  атындағы орта мектепте бастап, кейін 2007 жылдың қаңтар айынан бастап Мақат ауданындағы М.Баймұханов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етіп келеді.

2015 жылы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты    «Көшбасшы әдістемелік бірлестік жетекші» номинациясымен марапатталды.

2015 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасы  педогогикалық оқу  ІІІ орын иеленді.

2015 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасы  Құрмет грамотасымен марапатталады.

2016 жылы Республикалық «Ең үздік 20 мұғалім» байқауында жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды

2018 жылы Атырау облыстық білім беру бақармасы «Зерде» облыстық конкурсында  шәкірті  Әділбек Аянат жүлделі ІІІ орын алды.

 
Жанжигитова Арда
қ Сериковна 1979 жылы 22 тамызда Атырау облысы, Мақат ауданы, Комсомол кентінде дүниеге келген. 2004 – 2008 жылдар аралығында   Х.Досмұхамедов атындағы университетінде оқып, «Педагогика және психология» мамандығын алған.

2014-2016 жылдары Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достастығы университеті  5В010200-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығын оқып шықты.  

2005 жылдан бері Мақат ауданы, М. Баймұханов атындағы орта мектепте  бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады.

2015 жылы  Отанымыз -  Қазақстан Республикасының жарқын болашағын баянды ету Жолындағы қажырлы еңбегімен, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін  «Нұр Отан» партиясының  облыстық Алғыс хатын иеленді.

2015 жылы Атырау облыстық әдістемелік кабинеті «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» ІІ орын иеленді.

2017 жылы Қазақстанның білім және ғылым әлемі «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» Елбасы жолдауының бес басымдықтарын іске асыру: «Білім беру мазмұнының жаңартудың маңыздылығы» атты семиинар – конференцияға қатысып, іс-тәжірибесі   жинаққа шығып және «Білім көшбасшысы» атты төсбелгісімен марапатталған.

  Жумабекова Сайран Ахметовна 1985 жылы 18 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосында дүниеге келген. 2002 жылы Жаңашаруа орта мектебін тәмамдады. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетінің, тарих – география бөліміне оқуға түсіп, 2006 жылы аяқтады. 2006 жылдан бастап Мақат ауданы Мақат кентіндегі М.Баймұханов орта мектебінде тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

2014 жылы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Шебер – сынып» байқауында Дипломмен марапатталды.

2017 жылы Қазақстанның білім және ғылым әлемі «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» Елбасы жолдауының бес басымдықтарын іске асыру: «Білім беру мазмұнының жаңартудың маңыздылығы» атты семиинар – конференцияға қатысып, іс-тәжірибесі   жинаққа шығып және «Білім көшбасшысы» атты төсбелгісімен марапатталған.

2018 жылы Республикалық пән олимпиадасының ІІІ кезеңінде (облыстық) шәкірті Төлеп Исламбек Қазақстан тарихы пәнінен жүлделі ІІІ  орын иеленді.

2018 жылы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының 70 жылдығына ұйымдастырған «Мұхитты жүзіп өтем десең, кемеңді өзің жаса» зерттеу жұмыстары мен жобалар байқауында шәкірттері Қазбекова Інжу, Қонысқызы Сәндігүл ІІІ орын иеленді.

  Жумагалиева Батима Калыбаевна 1961 жылы  24 қаңтарда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл селосында дүниеге келген.

1980 жылы Гурьев педагогикалық институтына түсіп, 1985 жылы тарих, қоғамтану және советтік право мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1985 – 1998 жылдары Тасшағыл орта мектебінде тарих пәні мұғалімі, 1998 жылдан бастап  Мақат ауданы М.Баймұханов атындағы орта мектебінде тарих, құқық, зайырлылық және дінтану негіздері пәндерінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

«Ең үздік сабақ ашық сабақ - 2014» атты конкурсқа қатысқаны үшін Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинеттің Алғыс хатын иеленді.

2015 жылы Атырау облысы мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы  Республикалық пән олимпиадасының ІІІ кезеңінде (облыстық) шәкірті Сейітқалиева Орынгүл құқық негіздері пәніне  жүлделі ІІІ орын иеленд.

  Жумагалиева Мейрамгул Калибековна 1990 жылы 1 қаңтарда  Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосында дүниеге келген. 1996-2007 жылдар аралығында Қаракөл орта мектебін тәмамдады.

2007 – 2011 жылдарда Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтап шықты.

2009 жылы №34 лингвистикалық мектеп гимназиясында бастап, 2011 -2013 жылдарда  №24 орта мектепте еңбек етті.

2013 жылдан бастап Мақат ауданындағы  М.Баймұханов орта мектебінде дене тәрбиесі пәні мұғалімі болып қызмет жасайды.

2018 жылы Республикалық үшсайыстан ІІ орын иеленді.

2018 жылы Республикалық теннистен І орынмен марапатталды.

  Кайров Мурат Максутович 1982 жылы 15 маусымда Атырау қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Х.Санбаев атындағы орта мектепті аяқтады. 2012–2014 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірді.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Баймұханов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

2017 жылы  Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығының Алғыс хатын иеленді.

2018 жылы Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының  Мадақтамасымен марапатталған.

2018 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы»  қоғамдық бірлестігінен Алғыс хат иеленді.

2018 жылы   Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерейтойлары аясында ұйымдастырылған «Тұғыры биік – туған ел» атты республикалық асық ойыны турниріне белсенді қатысқаны үшін  Алғыс хатпен марапатталған.

2018 жылы  Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының,  Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінен асық атудан І орын иеленді.

  Калданова Умит 1958 жылы 12 желтоқсанда Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Кемерши ауылында дүниеге келген. 1966 – 1976 жылдары Жем орта мектебінде оқыды. 1978-1981 жылдары Гурьев педагогикалық училищесінде бастауыш класта оқыту мамандығы бойынша аяқтап шықты. 

1981-1984 жылдары Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Теміржол мектебінде алғашқы еңбек жолын бастауыш сынып мұғалім болып бастады.

1984 жылдан зейнеткерлік жасқа шыққанға дейін Атврау облысы, Мақат ауданы, М.Баймұханов орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды.

2012 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасы ХІІІ облыстық педагогикалық оқуларында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

2016 жылы Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналының Қазақстан Республикасындағы талантты педагог қызметкерлерді анықтау мақсатында ұйымдастырған «Үздік мұғалімнің үздік сабағы» жобасына қатысып, үздік ашық сабақ үлгісін ұсынған үшін «Үздік маман» энциклопедиясына енді.

2016 жылы «Мектеп» республикалық журналының «Үздік мұғалім»  төсбелгісімен марапатталды.

2016 жылы «Мәртебе.кз Республикалық мәдениет және білім порталының «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадада Мақтау қағазымен марапатталды.

  Кипова Асем Муратовна 1993 жылы 10 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 1999-2009 жылдар аралығында Атырау облысы , Индер ауданындағы М.Әуезов мектебін тәмамдаған.

2009-2012 жылдары Қ.Дүтбаева Атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің технология пән мамандығы бойынша оқып бітірді. 2013 жылдан бастап Мақат ауданындағы М.Баймұханов орта мектебінде технология пәнінің мғалімі қызмет етеді.

2015 жылы облыс көлемінде өткен «Шеберлер қалашығы» байқауында Алғыс хат иеленді.

2017 жылы «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен «Шеберлер қалашығы-ІІ»  байқауында Алғыс хатпен марапатталған.

2018 жылы Ш.Сариев атындағы өнер мұражайында өткен «Асыл мұра» атты көрмеде Алғыс хат иеленді.

2018 жылы Облыстық жастар ресурстық орталығының «Жас Отан – жастар  қанатынан»  «Белсенді жас» номинациясымен марапатталды.

2015 жылы облыс көлемінде өткен «Шеберлер қалашығы» байқауында  І.Қазбекова ІІ орын, Ә.Нуркасимова ІІІ орын  иеленді.

2017 жылы «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» жобасы аясында өткен «Шеберлер қалашығы-ІІ»  байқауында А.Балтабек ІІІ орынмен марапатталды.

  Кумарова Амангул Кумаровна 1964 жылы 15 сәуірде Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау селосында дүниеге келген. 1982-1987 жылдар аралығында Алматы шет тілдер педагогикалық институтында оқып,  қызыл дипломмен тәмамдады.  1987 жылдан  бері Мақат ауданы М.Баймұханов атындағы орта мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

1997 жылы «ҚР Білім Беру Ісінің Үздігі» төсбелгісінің иегері.

2016 жыл ұзақ жылғы ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегім үшін Атырау облыстық Мәслихатының Алғыс хатын иеленді.

2016 жыл «Нұр Отан» партиясы төрағасы Елбасының Алғыс хатымен марапатталды.

2016 жыл «Қазақстан Білім және Ғылым әлемі» журналының Құрмет Грамотасымен марапатталды.

2018 жыл Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

2018 жылы  Республикалық пән олимпиадасының ІІІ кезеңінде (облыстық) шәкірті Бағытжанова Жасмин ағылшын тілі пәнінен жүлделі ІІ орын иеленді.

  Куспанова Айгуль Есназаровна 1973 жылы 22 сәуірде Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген. 1990 жылы Мақат ауданындағы М.Баймұханов атындағы орта мектепті аяқтады. 

1999 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2004 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Алғаш еңбек жолын 2000 жылы М.Баймұханов орта мектебінде тәлімгерлік қызметтен бастады. 2004 жылдан осы уақытқа  дейін аталмыш мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болым қызмет атқарып келеді.

2014жылы  Атырау облыстық кәсіподағының Құрмет  грамотасымен марапатталды.

2016 жылы «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты  Құрмет грамотасымен марапатталды.

2016 жылы «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қоры I Республикалық жыр мүшайрасына шәкірт дайындағаны үшін  Алғыс хат иеленді.

2017 жылы  «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы  облыстық педагогикалық оқу  II дәрежелі дипломмен марапатталды

2017 жылы  Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі «Бейбітшілік әлемі» «Мәңгі ел, Қазақстаным» фестивалі Алғыс хат табыс етілді.

  Сатимова Марияш Балтабаевна  Гурьев облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылында 1966 жылы 25 қарашада   дүниеге келген. Осындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы орта мектепті 1983 жылы бітіріп, ауылшаруашылығында еңбек еткен.  Гурьев педагогика институтының 1991 жылғы түлегі. Аталған институттың қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы болып еңбек еткен.

2003 жылдан  Атырау облысы Мақат ауданындағы Мұса Баймұханов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі болып қызмет жасайды.

2013 жылы Атырау облыстық  «Үздік филолог» байқауында   ІІІ орын иеленді.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2016 жылы «Қазақстан ұстазы» қоғамдастығының мүшесі.

2016 жылы «Қазақстан ұстазы» қоғамдастығының І дәрежелі «Қазақстан ұстазы»  медалін иеленді.

2016 жыл. Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2018 жылы   «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» журналының «Үздік автор» медалі иегері.  

2018 жылы  Қазақстандық  салалық  білім және ғылым қызметкерлерінің Кәсіподақтарының Құрмет грамотасымен иеленді.  

2015 жылы «Айтарым бар өзіңе, Әке» атты өмірбаяндық кітаптың әдеби нұсқасын жасаған. Авторы М.Байзақов. «Баспа Сөз» баспасы. Алматы.. 

2016 жылы  «Парыз» М.Сатимова. «БІЛІМ KZ» баспасы. Алматы.

2016 жылы «Заманауи білімнің негізі-Ұстазда» әдістемелік құралында «Мен неге мұғалім мамандығын таңдадым» тақырыбында эссесі  жарияланды.

2017 жылы   «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі». Авторлары Б.Бисенғалиев, М.Сатимова.  «Ағатай» баспасы. Атырау. «Қазақстанның білім және ғылым әлемі» журналында «Мен күткен өзгерістер кезеңі» тақырыбында эссесі жарияланды (№2 саны, 2015 жыл).

Облысаралық «Құлсары» газетінде туған өлке тарихына, мектеп өміріне арналған мақалалар топтамасы жарияланды. Оқушыларының жазған мақалалары да баспасөз бетінде жарияланып тұрады.

 

Таганиязова Болдык Есеновна 1959 жылы 1 қаңтарда Гурьев облысы, Мақат ауданының Мақат ауданында дүниеге келген. 1966-1976 жылдар аралығында М.Горький атындағы орта мектепті тәмамдап, осы жылы Гурьев педагогикалық училищесінің мектеп бөліміне оқуға қабылданып, 1979 жылы аяқтап шықты.

1980 жылы Гурьев педагогика институтының математика факультетіне түсіп, 1985 жылы бітіріп шықты.

1987 жылдан бастап 1994 жылға дейін  М.Баймұханов атындағы орта мектепте директордың оқу-тәрбие жұмысының орынбасары болып қызмет атқарды.

1994-1995 оқу жылында аталмыш мектепте мектеп директоры болып жұмыс жасады.  1996 жылдан бастап Мақат аудандық білім беру бөлімінде әдіскер, 1998 жылдан бастап бас маман қызметтерін атқарып келді.

1998 жылы ҚР білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталды.   

2004 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

  Таумуринова Асемгуль Масатовна 1990 жылы 18 маусымда Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген. 1997-2008 жылдар аралығында Х.Санбаев атындағы орта мектепті  бітіріп, 2008-2012 жылдары Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Үздік дипломмен» тәмамдап, 2012-2014 жылдары аталған оқу орнынан «Педагогика ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесі атағын иеленді.

2012 жылы алғашқы еңбек жолын Атырау қаласындағы жалпы білім беретін № 6 орта мектепте,  2014 жылдан бері Мақат ауданындағы М.Баймұханов атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келеді.

2013 жылы Атырау облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинеттің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылы «Қазақстан білім және педагогика ғылымының тарихы: трансформация және инновация» атты ғылыми-практикалық конференцияның сертификат иегері атанды.

2014 жылы «Бектаев оқулары-1: ақпараттандыру-қоғам дамуының болашағы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция, сертификат иегері

2016 жылы Мақат ауданы әкімдігі, Атырау мұнай және газ университеті бірлескен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: ұлт-азаттық, қозғалыстардан бейбітшілік пен жасампаздыққа» ғылыми-тәжірибелік конференциясының сертификат иегері.            

2016, 2017 жылдары «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы,Қазақстан Республикасы КИО ұйымдастыру комитетінің ұйымдастыруымен география пәні бойынша 5 сынып оқушылары Айталиев Мирас, Төлеген Олжас, Булекбай Нұрдаулет, Қадіржан Анелья, Алдоңғар Жадыра, Рысбек Ернар, 10 сынып оқушысы Сүйіндікова Ажар қатысып, сертификат иеленді.

  Ындыбаев Алпысбай Тулеуович 1950 жылы 27 маусымда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында, Көлтабан ауылдық кеңесіне қарасты Қораши елді мекенінде дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтының физика – математика факультетін 1973 жылы аяқтап шықты. Қошқар орта мектебінде еңбек жолын бастады.

1975-1976 оқу жылында Доссор кешкі жұмысшы – жастар мектебінде, 1976-1983 жылдары Сағыз орталау мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болды.

1984 оқу жылынан бастап М.Горький орта мектебінде тәрбие ісінің орынбасары болып, 1986 жылдан зейнеткерлік жасқа шыққанша М.Баймұханов орта мектебінде физика пәні мұғалімі болып қызмет атқарды.

1981,1987 жылдары Қазақ ССР  Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1983 жылы Болгарияда өткен көркемөнерпаздар ұжымдарының VІ Халықаралық фестиваліне қатынасып алтын медаль иеленген. Халықаралық байқаудың лауреаты.

1992 жылы Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері төсбелгісімен марапатталған.