2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстарға  қорытынды

        

2017-2018 оқу жылында 88 педагог жұмыс жасады. Оның 8-і жоғары санатты, 18-і  бірінші санатты, 31-і екінші санатты, 31-і санаты жоқ мұғалімдер. Ол мұғалімдердің 29,5% құрайды.

 

 

  Жетістіктер

Байқаулар мен сайыстар

 

Аудандық сайыстар мен байқаулар:

 

«Үздік менеджер» байқауында ІІ орын иеленді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері М.Сатимова аудандық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» сайысында І орын, С.Сейталиева аудандық «Нұралы оқулары» Алғыс хат, «Тұнық жырдың тұмары» аудандық эссе Алғыс хат, А.Русланова ІІІ орын,  Ж.Тажибаева аудандық педагогикалық оқуда ІІІ орын иеленді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Кумарова Республикалық байқауға қатынасып,  «Үздік ұстаз төсбелгісімен» марапатталды. Аудандық «Мектепті дамыту жоспары» тақырыбындағы байқауға директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Баетова мен бастауыш сынып мұғалімі К.Дунентаева қатынасып ІІІ орын иеленді. «Менің үздік сабағым-2017» аудандық байқауына музыка  пәнінен Р.Айтикешова І орын, ағылшын тілі пәнінен А. Утешова ІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен А.Куспанова ІІІ орын, Ж.Тажибаева Алғыс хат, бастауыш сынып мұғалімдері А.Жанжигитова, К.Дунентаева ІІІ орын, информатика пәнінен Н.Серикова Алғыс хат иеленді. Аудандық «Математикалық Рагета» байқауына математика пәні мұғалімдері қатынасып, ІІІ орын иеленді. Аудандық «Әдістемелік қоржын» байқауына биология пәні мұғалімі Г.Алкенова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Балпейсова қатынасып ІІІ орын иеленді. Педагогикалық оқуда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Қабесова ІІ орын, технология пәні мұғалімі А.Кипова ІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Н.Тілекова ІІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Тажибаева ІІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Балпейсова Алғыс хатпен марапатталды. 

 

 

Облыстық байқаулар:

 

Бахтыгереева Алтын Баймаганбетқызы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы педагогикалық ізденіс» облыстық фестиваліне қатынасып, Алғыс хатпен марапатталды. «Менің үздік сабағым-2017» аудандық байқауына ағылшын тілі пәнінен А. Утешова ІІ орын иеленді.

 

«Баланың заманауи бастамалары – рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалар бастауы-2018» облыстық әлеуметтік жобалар байқауына технология пәні мұғалімі Ә. Мұхамбетжанова оқушы шығармашылығын насихаттап, Алғыс хат иеленді. «Өзін-өзі тану» семинарында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін бастауыш сынып мұғалімі Баетова Тоты Алғыс хатпен марапатталды.  Облыстық педагогикалық оқуда орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Қабесова ІІІ орын иеленді.

        

                                                                                       

Республикалық байқаулар мен сайыстар:

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатимова Марияш Балтабайқызының «Парыз» атты кітабы жарық көрді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Кумарова Амангул республикалық байқауға қатынасып,  «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. «Білім және ғылым әлемі» республикалық ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журналының ұйымдастыруымен өткен семинар – конференцияда өз тәжірибелерімен бөліскені үшін бастауыш сынып мұғалімі Досахаева Айгүл «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, бастауыш сынып мұғалімдері Жанжігітова Ардақ, Бағытова Айман, Төлеуова Ләззат, тарих пәні мұғалімі Жұмабекова Сайран, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шаудирова Ляйлим, химия пәні мұғалімі Аманиязова Арайлим  «Білім көшбасшысы» төсбелгісімен марапатталды.

 

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық  орталығының ұйымдастыруымен өткен  қашықтық олимпиадасына география пәні мұғалімі Таумуринова Асемгул қатынасып І орын иеленді

 

 Республикалық жалпы білім беретін мекемелердегі ұстаздар арсындағы І жазғы спартакиадасына дене шынықтыру пәні мұғалімі Жұмағалиева Мейрамгүл қатынасып, үстел теннисінен  І орын, үшсайыстан ІІ орын иеленіп қайтты.

 

Шәкіртінің жеңісі-еңбегінің жемісі

 

Аудандық және облыстық пәндік олимпиада:

 

Мектепішілік пәндік олимпиадаға 96 оқушы қатынасып, 37 оқушы үздік шығып аудандық олимпиадаға жолдама алды. Қатынасқан 4,8-11 сыныптан 37 оқушының 8-і І орын, 1-еуі ІІ орын, 6-ы ІІІ орын, 10-ы Алғыс хат иеленді. 

 

 

 

Облыстық пәндік  олимпиадаға жолдама алған 9-11 сыныптан қатынасқан 6 оқушының 4-еуі жүлделі орындар иеленді.  10 сынып оқушысы Бағытжанова Жасмин ағылшын тілі пәнінен ІІ орын, пән мұғалімі Кумарова Амангул,  9 сынып оқушысы Нуркасимова Әдемі биология пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Сариева Ақбатша, 11 сынып оқушысы Жолдыбаева Мейрамгүл биология пәнінен ІІІ орын, пән мұғалімі Ұзақбаева Мөлдір, тарих пәнінен 10 сынып оқушысы Төлеп Исламбек ІІІ орын, пән мұғалімі Жұмабекова Сайран.  

    

 

Аудандық сайыстар мен байқаулар:

 

 Лингвистикалық олимпиада 9 сынып оқушысы АХисанова І орын, «Алтын ой» өлкетану байқауы 9 сынып оқушысы Ж.Сұлтанова Алғыс хат иеленді. «Фариза оқулары» «Өлең мен сені аялап өтем» 9 сынып оқушысы А.Жақсыбергенова ІІІ орын, 7 сынып оқушысы Д.Бітімбаева  Алғыс хат,  «Не деген керемет ең!» 9 сынып оқушысы А.Утешова, «Бояулар құпиясы» 7 сынып оқушысы І. Қазбекова І орын,  10 сынып оқушылары Қангереева Жұлдыз ІІ орын,  П.Қиясов, Г.Амантаева  Алғыс хат иеленді. «Жарқын болашақ»  олимпиадасының «Сөз шеберлері» бөлімінде  7  сынып оқушысы Ә.Тілеуқұл ІІ орын, «Әнші бұлбұлдар»  бөлімінде 7 сынып оқушысы А.Жақсылық ІІ орын, «Тілші әдебиетші бөлімінде» 7 сынып оқушысы Г.Нұрланқызы Алғыс хат, «Жазушылар» бөлімінде 7 сынып оқушысы Д.Бітімбай І орын, «Ғылыми жоба» бөлімінде 7 сынып оқушысы Ж.Жәңгірова ІІІ орын иеленді. «Абай оқулары» 7 сынып оқушысы   Ж.Жәңгірова ІІ орын, А.Серік ІІ орын, 9 сынып оқушысы А.Жақсыбергенова ІІІ орын иеленді. «Оралхан Бөкей оқулары» 10 сынып оқушысы С.Қонысқызы І орын иеледі. «Полиглот»  байқауы А.Изжанова І орын, І.Қазбекова І орын

  

 

Облыстық байқаулар:

 

«Балалардың заманауи бастамалары-рухани жаңғыру негізі» тақырыбындағы «Балалар бастауы – 2018» 10 сынып оқушысы Қиясов Пернебек Алғыс хат иеленді.

 

«Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің байқауында 10 сынып оқушысы Қиясов Пернебек Алғыс хатпен марапатталды.

 

Жетекшісі: технология пәнінің мұғалімі Мұхамбетжанова Алия.       

 

Әбіш оқулары байқауында 7 сынып оқушылары «Абылайханның жорыққа аттануы» сахналық қойылымы бойынша ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі Габдуллина Гульфайруз.  

 

«Оралхан Бөкей оқулары» 10 сынып оқушысы С.Қонысқызы ІІІ орын иеленді, пән мұғалімі Саликова Гүлзада.