Мұса Баймұханова атындағы орта мектептің 2а сыныбында Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетіліп, оқушылардың жаттаған өлең жолдары айтылды. Шара Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды. Сонымен бірге Желтоқсан құрбаны болған Ләззат Асановаға арналған «Қайырылмай кеткен қарлығаш» атты көрініс қойылды. Тәрбие сағатында «Бақытты Қазақстан», «Желтоқсан желі» атты әндер орындалды.














