М.Баймұханов атындағы орта мектебінде 5-сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі Ғ.Құбылованың ұйымдастыруымен «Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық сайыс өте қызықты өтті.
Сайысқа «Жалын», «Жүйрік» топтары қатысты. Әрбір топ өздері эмблема жасап, ұрандарын шығарған. Топтар сайысқа өте жақсы белсенділікпен қатысып тартысты өтті. Сайыс соңында жеңіске жеткен «Жүйрік» тобы бірінші орын, «Жалын» тобы екінші орынды иемденіп, дипломдармен марапатталды.




















