БОС ОРЫНҒА ЖӘРМЕНКЕ !!!

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім беру бөлімінің  «М.Баймұханов атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер  енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына  сәйкес 2022- 2023 оқу жылына бос және уақытша орындарға озық әдіс –тәсілдерін меңгерген, білімді  маманға төмендегідей бірлік бойынша конкурс жариялайды.

КОНКУРС төмендегідей лауазым бойынша өтетін болады.

  1. Ағылшын тіл і пәні мұғалімі – 1 бірлік (уақытша, декреттегі  маманның орнына);
  2. Мұғалім-логопед - 1бірлік (тұрақты).

✓ Құжаттар 2022 жылдың   09-16  қараша  аралығында қабылданады;

✓ Еңбек ақы мөлшері білім деңгейін, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді;

✓ Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген қабылдау мерзімінде төмендегідей көрсетілген  құжаттар тізбесін электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес  білімі туралы құжаттарының көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын  құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің  міндетін атқарушының  2020 жылғы 30 қазандағы  № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан  бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымынан анықтама;

Наркологиялық ұйымынан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог модератордың,

педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы ;

✓ Конкурсқа қатысушысы бар болған жағдайда біліміне,жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілін арттыру, ғылыми / академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады. -Негізгі функционалдық міндеттері:

ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. № 121)бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау 7-параграф 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне және 10-параграф 76-тармақ мұғалім-логопедке қойылған талаптарына сүйене отырып:

 Пән мұғалімдері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе "учитель/мұғалім" тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;

Мұғалім-логопед: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;

даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

Конкурс мектеп ғимаратында өтеді.

Мақат ауданы, Мақат кенті, Н.Шағырова 1А

Телефон : 8(71239) 30427

Электронды пошта : Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Атырау облысы Білім беру басқармасының Мақат ауданы білім беру бөлімінің «М.Баймұханов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі