М.Баймұханов атындағы орта мектебі бойынша 2021жылдың 19 қараша күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы номері 76 бұйрығы және мектеп директорының  2021 жылдың 1қыркүйектегі номері 114  санды бұйрығы негізінде құрылған бракераж комиссиясы мектеп асханасына кезекті зерделеу жұмысын жүргізді.Зерделеу барысында комиссия келіп түскен тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін,күнделікті мектеп директоры бекіткен ас мәзірі бойынша дайындалатын тағамдардың ас мәзіріне сәйкес келетінін,дайын тағамдардың шығымының дұрыстығын,тағам сапасының дәмділігін,тәуліктік сынамалардың уақытылы алынып,сақталғанын анықтады.Қоймадағы азық-түліктің сақталуы талапқа сай,бүлінген тағамның жоқтығын көрді.Қолданылатын ыдыс аяқтарда жарылған ыдыстар болмады,асхана құрал-жабдықтары,қол жуу,кептіргіштер жұмыстық жағдайда болды.