Ағылшын тілі –қазақ жеріннің жаңа әлемге ашар есігі. Ағылышн тілі бізге әлемдік аренаға шығу үшін қажет. Осыған дәлел ретінде Муса Баймұханов атындағы орта мектебінде 11-22 қараша аралығында  “Let’s speak English!”  тақырыбында ағылшын тілінде онкүндікті атап айтсақ болады.

Онкүндік барсында мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімдері жоапар бойынша ашық сабақтарын өткізді. Апталықтың ашылуын “Let’s speak English!” деген лозунгпен ,қане ағылшын тілінде сөйлейік! ашық микрофон Апталық  ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Балпейсованың  “Days of the week” тақырыбындағы 3 сыныбына арналған ашық сабақпен басталды. Сабақта ақпаратты технология тиімді пайдаланып сбақты барынша қызықты өткізді. Ары қарай апталық беделді ұстазымыз Амангүл

 

Құмарқызының “My news” тақырыбында 8 сыныпта ашық сабағы жалғасын тапты. Ағылшын тіліне деген оқушылардың бойында қызығушылығын жоғары екенін анық байқауға болады. Балалар өз ойларын ағылшын тілінде еркін  жеткізіп, сабақ барысында  ұстаздың еңбегін дәлелдеді. Сабақ өте әсерлі өтті. Б.Құтқожина өз сабағында оқытудың жаңа –әдіс тәсілдерін пайдаланып , оқушыларды мадақтап, қолпаштап әр жетістігін елеп отырды. Осы қарап оқушыларының жаңа бағдарлама бойынша сабақтың ойын түрінде өтуіне төселгендіктері байқалды. Осындай қарқынмен әр ұстаз өз сабағын қызықты әрі жоғары дәрежеде өткізді.Ашық сабақтарға мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушілерімен қатар жас мамандарда қатысып өздеріне керегін алып,түрлі әдіс - тәсілдермен танысты.

 

Ағылшын тілі декадасының соңғы күні “Leisure for pleasure! ” аттаы  шарамен қорытыланды. Аталмыш шарада әр пән мұғалімі өзінің дәріс беретін оқушыларын түрлі қойылымдарға дайындап қатыстырған болатын. Ж.Бекмагамбетованың шәкірттері “The red hat” (Қызыл телпек) ертегісін сахналаса, Б.Құтқожинаның оқушылары “Sinderella” ( Золушка ) ертегісін ағылшын тілінде қойылымын қойып шықты. Балалардың  ағылшын тілін жетік меңгергенімен қатар актерлік шеберлігімен де көзге түсті. Басқада пән мұғалімдері оқушылры ағылшын тілінде нақышына келтіріп ән орындаса, бірі өлең жолдары мәнерлеп оқып, көрермендерді бір таңқалдырды. Шараның соңында ағылшын тілі пәнінің бірлестік жетекшісі А. Өтешова  қорытынды сөз айтып,апталыққа белсенділік танытып қатысқан ұстаздарымен оқушыларына алғысын білдірді.

 

Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – қазірігі заман талабына айналып отыр. Осы тұста білім беру мекемелерінде осындай шаралар көптеп өткізілсе,болашақ ұрпағымыз ағылшын тілін меңгеріп қана қоймай, алдағы уақытта өмірлерде кез келген қажет жағдайда еш кедергісіз қолдана алары хақ.

 

Муса Баймұханов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаухар Қалиоллақызы