М.Баймұханов атындағы орта мектепте «Мен өмірге ғашықпын» атты семинар өтті.

Өз дәрежесінде өткендігі сол, қатысушылар керемет эмоцияға беріліп, өз пікірлерін ортаға салып, сезімдерін білдіріп жатты. Барлық қатысқан жанға шын жүректен алғысымды білдіремін. Кішкене болса да, өмірлеріңізге шаттануды, қуануды, ризашылықты, кешіруді, мойынсұнуды жүректеріңізгеқабылдаған болсаңыздар, мен қуаныштымын. Адам пенделікпен көп жағдайда түкке тұрғысыз нәрселер үшін ашуға бой алдырып, айналасына зиянды уын шашып, өз энергиясы былғап жатқанын сезбей қалады.

 

Бұл семинардың мақсаты да, рухани құндылықтарды бойымызға сіңіріп, әлемге ашық, өмірге ғашық болу болатын. Абай атамыз: «Мықты болсаң өзіңді жең» дегендей, сен өзгергенде ғана айналаң өзгереді.

 

Габдуллина Гульфайруз психолог

.