М.Баймұханов атындағы орта мектепте  11.12.2018 жылы «Құқық бұзушылықтың алдын алу және өмір қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға ІІБ-і мен аурухана қызметкерлері және аталмыш мектептің ұстаздары қатысты. Шараның мақсаты: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, өмір қауіпсіздігін сақтау.

Келген  кеш қонақтары өз пікірлерін ортаға салып, мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары А.Сейлханова баяндамасын баяндады. Ұйымдастырылған шара өз дәрежесінде өтті. Еліміз тыныш, ұрпағымыз өнегелі болсын!