Еліміздегі айтулы мерекелердің бірі-Тәуелсіздік күніне орай Мұса Баймұханов атындағы орта мектептің 3 «Б» сынып оқушыларының қатысуымен «Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты әнұранға құрмет көрсетілуден басталып,оқушылар тәуелсіздік туралы өлең-жырларын оқыды.Серік Дидар «Жаса Қазағым!» әнін шырқап, мерекелік шараның көрігін қыздырды.Мұрат Бауыржан  Қайраттың монологын нақышына келтіре оқыса,оқушылар «Желтоқсан желі» әнін тебірене шырқады.Тәрбиелік шара оқушылардың «Тәуелсіз ел ұраны» әні шырқауымен қортындыланды.