Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінің
2018-2019 оқу жылындағы
биология-география-химия пәндері бірлестігінің
апталық қорытынды есебі
Тақырыбы:
«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейді мұнарасы тым биік».
Мақсаты:
1.Химия, биология және география пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2.Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы үшін өздері жауапты екенін айту.
3.Оқушыларды экологиялық мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Апталық өту барысы
21.01 – биология және химия пәні мұғалімі А.Аманиязованың 8«а» сыныбына «Тері аурулары және гигиенасы» тақырыбында ашық сабағы болып өтті. Сабақ жаңартылған бағдарламада, жоғары дәрежеде өткізілді.
22.01 – биология пәні мұғалімі Г.Алкенова 7«а»сыныбына «Жануарлар ағзаларының қозғалу мүшелері» тақырыбында ашық сабағын өткізсе, 24.01 күні 10«ә»сыныбына биология пәнінен А.Сариева «Ұрықтанудың биологиялық маңызы» тақырыбында, химия пәні мұғалімі А.Сисекешова
9«а»сыныбына «Алюминий қосылыстары» тақырыбында ашық сабағын берді. Ашық сабақтар топқа бөлініп, көптеген әдіс-тәсілдермен өткізілді. География пәнінен пән мұғалімі А.Сагандыкова 10«ә»сыныбына «Өнеркәсіпті орналастыру заңдылығы. Отын энергетика кешені» тақырыбында, жаратылыстану пәнінен А.Таумурынова 5«ә», Ж.Қуанышова
5 «г»сыныптарына «Тірі ағзалардың қасиеттері» тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ашық сабақтарды жоғары дәрежеде өткізді. 25.01 – география пәнінен 11«б»сыныбына Б.Ажигалиева «АҚШ-тың географиялық орны, ашылуы, зерттелу тарихы» тақырыбында ашық сабағын беріп, жас мамандар сабаққа қатынасып, тәжірибе алмасты.
25.01 күні бірлестік пән мұғалімдерінің жетекшілігімен «Ғылыми жоба» өткізіліп, 8-10сынып оқушылары белсенділікпен қатынасты. Химия пәні мұғалімі А.Аманиязованың жетекшілігімен 8«а»сынып оқушылары І.Тынымғали, Д.Бітімбаева «Кока-коланың адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында, А.Сисекешованың жетекшілігімен 9«а»сынып оқушысы Ф.Аманова «Чипсыны зерттеу» тақырыбында ғылыми жобаларын қорғады. Биология пәні мұғалімі А.Сариеваның жетекшілігімен 9«в»сынып оқушылары «Генетика» және «Жануарлар әлемі» тақырыбында, 10«а»сынып оқушылары Д.Сағынбаева және Қ.Қуанова «Фаст-фуд өнімдерінің адам ағзасына әсері» тақырыбын зерттеген. География пәні мұғалімі А.Сағындықованың жетекшілігімен 10 «ә»сынып оқушысы А.Бахытқалиева «Мақат ауданындағы су мәселесі» тақырыбын кең ауқымда зерттеген. Оқушылар зерттеу тәжірибелерін жүргізіп, үлкен дайындықпен қатынасты.
Қорыта келе, жаратылыстану пәндері апталығы оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып, жаратылыстану пәндеріне деген көзқарасы мен қызығушылығын одан арттыра түсті деген ойдамыз.
Бірлестік жетекшісі: А.Ж.Сисекешова
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/119-74412.html#sigFreeId076ecaaffa













