М.Баймұханов атындағы орта мектебінде ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларына сай ата-аналар, оқушыларға ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында ағымдағы жылдың жаңалықтары жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өтетін, маусым айында негізгі ҰБТ тапсыру және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырмайтындығы айтылды. Сонымен бірге білім алушыға өтінішті қабылау кезінде тапсырылатын құжаттармен таныстырылды.
















