Қазақ тілінің апталығына орай 14.02.2019 жылы М.Баймұханов атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Габдуллинаның 6 «б» сынып оқушыларымен «Ақырын жүріп, анық бас» атты Абай Құнанбаевқа арналған поэзия кеші өтті.
Кеш тақырыбына сай А.Құнанбаевтың кітап көрмесімен жасақталды. Поэзия кеші Қазақстан Республикасының гимнімен басталды. Абай Құнанбаевтың өмірге келуі мен ер жетуіне дейінгі кезеңдерін театрланған көрініс түрінде көрсете отырып, ақын шығармашылығын өз дәрежесінде айтып, әндерін орындап берді. Бұл мектеп оқушыларына үлкен жетістік деп бағалап, ұстазы Г.Габдуллинаға шығармашылық табыстар тілейміз.

.