2019 жылы 18 ақпан күні М.Баймұханов орта мектебінде «Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам!» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында жаратылыстану бағыты бойынша апталықтың ашылуы болды.
Сандар, ғарыш әлемі туралы тақпақтар айтылып, жұмбақ шешіп, сонымен бірге «Табиғат бұрышы» көрме ұйымдастырылды. Мектеп директоры А.Сариева мен бастауыш сыныптар бойыша оқу ісінің орынбасары Т.Баетова оқушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі.