«Білім жолын бастаған, бастауышым бастамам» тақырыбында 28 ақпан күні бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жабылу салтанаты болып өтті. 2 «б» сыныбының оқушылары «Фигуралар сөйлейді», 2 «а» сынып оқушылары «Сандар шеруін» және көркемсөздер оқыды. Апталықта іс тәжірибелерін, шығармашылықтарын көрсеткен ұстаздарды мектеп директоры А.Ж.Сариева номинациялар бойынша марапаттады.
Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімі мол өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

.