«22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне орай Муса Баймұханов атындағы орта мектебінде «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шаралар өтті.

Барлық сыныптарда «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Наурыз мейрамының тарихы түсіндіріліп, әдет-ғұрыптар жайында кеңінен мәлімет берілді.

 

Мектептің спорт залында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сейлханованың ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара барысында мектеп директоры А.Сариева мерекеге жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтады. Оқушылар арнайы наурыз көже дайындап әкеліп, көженің жасалуын түсіндіріп берді. Сонымен қатар барлығы ізгі тілектерін білдіре отырып ән шырқады. Шара соңында ер балдар арасында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды.