25 сәуір күні М.Баймұханов атындағы орта мектебінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру шаралары тақырыбында дәрістер өткізілді.
Дәріске жергілікті атқарушы Макат АПБ КПБ аға жедел уәкілі полиция майоры Ахан Аскербекұлы, "Макат аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Даурен Нұржанұлы қатысты. Бұл шараның мақсаты 1.Жастардың өмірге деген көзқарасын, рухани дүниетанымын, мінез-құлқын қалыптастыру. 2.Терроризм, діни экстремизм туралы жалпы мол мағұлмат беру мен қоғамға жат ұйымдар мен күштерден сақтау. 3. Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен мұрасы имандылық әдет ғұрып, салт-дәстүрді бойларына сіңіре отырып елжандылыққа, ізгілік пен мейірімділікке баулу.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып мамандардан көңілге қонымды жауаптар алды. Шара өте әсерлі өтті.















