2018-2019 оқу жылында М.Баймұханов атындағы орта мектеп жанынан мектепішілік жазғы демалыс «ҚАРЛЫҒАШ» лагері ашылды. Оған 1-кезеңге 25 оқушы қабылданды.Балалардың демалысын тиімдіпайдалана отырып, денесін шынықтыру, сауықтыру мақсатында күн тәртібі, жұмыс жоспары мен оқушылар тізімі бекітілді.

Мектеп жанындағы «ҚАРЛЫҒАШ» лагері өзінің алдына міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары жасалынды. Лагерьдің алғашқы күні «Өзін-өзі таныстыру» тренингі өткізілді, онда балалар бір-бірімен танысып, жаңа достар тауып мәз-мәйрам болды.Лагерьдің алғашқы күні «Бақытты балдырған» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылып, «ҚАРЛЫҒАШ» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері А.М.Сәрсенбаева және жеке кәсіпкер С.Т. Сүлейменова қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директоры А.Ж.Сариева құттықтап, жеке кәсіпкер Светлана Туребаевна өз атынан 25 бүлдіршінге демеушілік жасап ойыншықтар таратты. 

Жиында «Мерекем» әні, "Бала тілегі", "Отаным Қазақстан" әндері орындалып, «Спорт,спорт» биін биледі.