Ағымдағы жылдың 8 қараша күні М.Баймұханов атындағы орта мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
"Дарын жеке жетілмейді, дарындар сайыса жүріп,бірін -бірі жетелейді" дегендей, оқушылардың алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күн.Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Таумуринова Асемгүл Масатқызы олимпиаданың ашылуымен құттықтап, оқушылардың ғылым мен білімді ең басты қазынам, байлығым деп есептеп, білімнің ең биік шыңдарын бағындыруға жасаған алғашқы қадамдарына сәттілік пен шалқар шабыт тіледі.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/183-mektepishilik-olimpiada.html#sigFreeId8c661489d8













