М. Баймұханов атындағы орта мектептің оқушылары 8 А сыныбында өтетін"Ел тарихын зерделеуде архив құжаттарының маңызы" тақырыбындағы факультатив сабақтың практикалық жұмыс бөлімі бойынша Мақат аудандық архиві мен аудандық мұражайға саяхат жасады.

Аталған сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, шебер-ұстаз Сатимова Марияш Балтабай қызы жүргізеді. Ел тарихында қолданылған әліпбилер, олардың архив қорында сақтаулы құжаттардағы үлгілері оқушыларға таныстырылды. Оқушылардың қызығушылығын арттырған, жемісті, табысты жұмыс күні болды.
М. Баймұханов атындағы орта мектеп әкімшілігі Мақат аудандық архиві және мұражай әкімшілігі мен қызметкерлеріне ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдіреді.

 

 

.