М. Баймуханов атындағы орта мектепте 2 "ә" сынып жетекшісі Куралай Дунентаеваның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай "Терең білім Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаматтығымыздың алдаспаны" атты ата-ана мен бала арасындағы интеллектуалдық сайысы өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар мен ата-аналар білім, отбасы туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, логикалық сұрақтарға жауап берді. Сайыс төрт кезеңді қамтып, нәтижесінде ата-аналар мен оқушылар жүлделі орындармен марапатталды. Сайысқа қатысқан 6 оқушыға ата-ана Есенгелдіұлы Әділбек пен Кабдоллиев Думанбек демеушілік жасап, алты айға "Балдырған" журналына тегін жазылу сертификатын табыстады. "Мектеп, ата-ана, оқушы" үштік одақ қашанда ажырамас бөлік. Олар бірге бір қазанда қайнай білсе, еліміздің болашағы жарқын!
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/194-atty-ata-ana-men-bala-arasynda-y-intellektualdy-sajysy-tkizildi.html#sigFreeId1ea591ba67













