2020 жылы 24 қаңтар күні интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет- белсенділігін бақылауға қатысты интернет – қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін , интернет- пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді.
Бұл күн саптізбе өткізуден басталды. Саптізбеде оқушыларға осы шараның мақсаты түсіндірілді, ХХІ ғасырдың басты мәселесі әлеуметтік желілердің зияны, дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам баласына тигізетін кері әсері туралы бейнеролик тамашаланды. Саптізбеден соң оқушылар сынып жетекшілерімен бірге өз сыныптарында осы тақырыпты әрі қарай талқылады.
1-4 сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы , 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Ерекше орындалған туындылар дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Тәрбие жөніндегі орынбасарлары: А.Мухамбетжанова
Т.Қамысбаева
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/201-m-bajm-khanov-atynda-y-orta-mektebinde-offline-oflajn-aktsiyasyn-tkizgendigi-turaly-m-limet.html#sigFreeId17a2ebbff8













