«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық,Көз жетпейді мұнарасы тым биік!» атты биология,география,химия апталығы өтіп жатыр.

Апталықтың мақсаты оқушылардың білімділік дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін арттыру,пәнге деген қызығушылықты арттыру,өзара тәжірибе алмасу.Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар,үлкен үзілісте оқушылардың күнделікті тұрмыста қолданып жүрген  түрлі заттардан қызықты  зертханалық  тәжірибелер көрсетіп,үзіліс уақытын тиімді пайдалануда.