Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 10-ыншы ақпан күні «Конференьсе – 2020» жүргізушілер байқауы өтті. Байқау мақсаты әр түрлі бағыттағы мәдени шаралардың жүргізушілерін іздестіру, оларды халыққа танымал ету, шығармашылық деңгейін арттыру. Байқауға аудан мектептерінен 7 жұп қатысты.
Байқау ережесі бойынша 1-кезең: Сахна және сөйлеу мәдениеті, дауыс ырғағы, екпін белгісі, мәтін мәнерінің дұрыс айтылуы (монолог, өлең, мысал немесе жаңылташтар орындау).
ІІ – кезең: Ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
ІІІ - -кезең: Тақырыптық кештер, әр түрлі шаралар туралы бір сценарийдің басталуы. Байқау қорытындысы бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бушумов Сұлтануәйіс пен 9-сынып оқушысы Жәңгірова Жанат қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/213-konferense-2020-zh-rgizushiler-baj-auy-tti.html#sigFreeId0591d36a63













