Наурыз айының 02 күні М.Баймұханов орта мектебінде «Абай әлеміне саяхат» клубының ашылу салтанатты өтті. Салтанатты жиын Әнұранмен ашылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ЮНУСКО және ТҮРКСОЙ аясында атап өту жоспарланып отырғандығына тоқталып өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін шырқады. Абай әлеміне саяхат клубының тұсаукесер рәсімі Аудандық білім беру бөлімінің кітапханаәдіскері Жанат Әбілқасанқызы мен мектеп бастауыш оқу ісінің орынбасары Тоты Сауытқалиқызына ұсынылды. «Абай әлеміне саяхат клубының мақсаттары мен міндеттері таныстырғаннан соң «Абай әлеміне саяхат» клубына әдебиетке жаны жақын жеткіншектерді мүшелікке қабылдады. Аудандық білім беру бөлімінен келген әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Индира Әміржанқызы, мектеп директорының м.у.а. Әсемгүл Масатқызы құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты жиын «Абай әлеміне саяхат» клубының бұрышымен таныстыруға жалғасты. Салтанатты жиын соңында Абай өлеңдері оқылып, «Желсіз түнде жарық ай» «Өзгеге көңілін тоярсың» әндері ортада. Бастауыш дәлізіндегі суреттер галериясы тамашаланды.













