М.Баймұханов атындағы орта мектебінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 2020 жылдың 3 наурыз күні 7 тыныптар мен сынып жетекшілер арасында «Ұстазым екінші анамдай» атты сайыс өткізілді.
Ұстазбен оқушының тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Сыйластыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу. Сайысқа 4 сынып қатысты, өз өнерлерін білімдерін көрсетіп додаға түсті. Сайыс нәтижесінде 7 «а» сынып және сынып жетекшісі Гаухар Халиоллоқызы бас жүлдеге, 7 «ә» сынып және жетекшісі Самал Хамидоллақызы І орын, 7 «в» сынып және жетекшісі Ақкенже Сарқытқызы ІІ орын, 7 «б» сынып және жетекшісі Жайнагүл Самалқызы ІІІ орынға ие болып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/228-stazym-ekinshi-anamdaj-atty-sajys-tkizildi.html#sigFreeIdf041c5c133













