М.Баймұханов атындағы орта мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 2020 жылдың 4-наурыз күні «Сырласайық жеңеше» атты байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты:Отбасылық тәрбиенің үздік үлгерімін насихаттау. Отбасы тарихын және дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту. Жанұядағы жеңге мен қайынсіңілі арасындағы сыйластықты, адамгершілікке, инабаттыққа тәрбиелеу. Байқауға 8-9 сынып қыз балалары мен жеңгелері қатысты. Барлық қатысушыларымыз жоғары деңгейдегі дайындықпен келіп, өз білімдерін, өнерлерін, шеберліктерін көрсетті. Сайыс соңында 8 «а» сынып оқушысы Болат Ақниет жеңгесі Исалиева Гүлайна «Сегіз қырлы-бір сырлы» жұп атанды, 8 «ә» сынып оқушысы Үсенова Аружан жеңгесі Гильманова Калима «Шебер» жұп, 8 «б» Сәден Нұргүл жеңгесі Сағандыкова Айнагүл «Өнерлі» жұп. 8 «в» сынып оқушысы Оңбергенова Айда жеңгесі Тулешкалиева Айнұр білімді жұп. 9 «ә» Тасболатова Орынгүл жеңгесі Алиева Асел «Инабатты» жұп номинадциясына ие болып, дипломдармен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/229-syrlasajy-zhe-eshe-atty-baj-au-tkizildi.html#sigFreeId9fa0d0fadb













