О.Саргунанов атындағы орта мектетің базасында  аудандық 1-10 сынып оқушылары арасында "Болашаққа - білімді, денісау ұрпақ" ұранымен спорттық - интелектуалдық эстафета ойындары өткізілді.

Бұл интеллектуалды ойын қызықты да, тартымды өтті. Ойын балаларға салауатты өмір салтын ұстануға, шыныға отырып интелектісін дамытуға, балалар бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, жеңіс тұғырына жетуге, бәсекеге қабілетті жұмыс  жасауға үйретеді. Ойын соңында М.Баймұханов орта мектебінің оқушылары ІІІ - орынға иеленіп дипломдармен марапатталды.