2020 жылдың 8 - наурыз күні Аудандық мәдениет үйінде "Мақат аруы - 2020" байқауы өткізілді.

Бұл байқауға М.Баймұханов атындағы орта мектебінен 11 сынып оқушысы Асланова Эленора қатысты. Жанды дауыста өзін әндетіп таныстырған Эленора көрермен алғысына бөленді, өнер бөлімінде драматургиялық көрініс "Алжир" ды қойып, актерлік шеберлігін көрсетті, ал сұрақ-жауап кезеңінде барлық сұраққа мүдірместен дұрыс жауап беріп шықты. Нәтижесінде жүлделі І орынға ие болды.