М.Баймұханов атындағы орта мектебінде 10 наурыз күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 8 «а» сыныбы қыздары арасында «Қызым саған айтам» атты сырласу кеші өтті.

Кештің мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі-өнеге алуға баулу.

 

Халқымыздың ұлттық дәстүрімен таныстыру. Кеш барысында оқушылар адалдық пен шыншылдық, ар-ұят, борыш пен жауапкершілік, мейірімділік пен ізгілік, қызға қырық үйден тыйым туралы нақыл сөздер мен тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Кеш өте әсерлі, жоғарғы деңгейде өтті.