Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай аудандық өрт сөндіру бөлімінде 10 наурыз күні "Ашық есік" күні ұйымдастырылған болатын.

Аталған шараға М.Баймұханов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, бөлімдегі құрал-саймандармен танысты. Сонымен бірге өрт сөндіру кезіндегі жасалатын іс-әрекеттермен толыққанды таныса отырып, жауапты мамандардан ақыл кеңес алынды.