Облысымыздағы шығармашылықпен айналысатын жас ақындардың басын қосып, жақсы жырларын жұртшылықпен бөлісу,озып шығып, жетістіктерге жеткен ақындарымызды ұлығылау, олардың еңбектерін, жырларын жинаққа біріктіріп кітапқа шығару,

танылмай жүрген ақындардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ауданаралық жас ақындардың «ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ» атты додасы өтті.

 

Аталған байқауға М.Баймұханов атындағы орта мектептің оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда 7 сынып оқушысы Есмырза Шәрбәну ІІ орын, 9 сынып оқушысы Жанғазина Аяулым ІІІ орын, 11 сынып оқушысы Жақсыберген Ақерке жүлделі І орынды иемденді.