Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен колледж және мектеп оқушыларының 2003-2004 жылғы ұлдар арасында Асық атудан Х жазғы спартакиададан, М.Баймұханов атындағы орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары Мұратов Аян, Сисекеш Сапарбек, Мағзомов Фархат І орынды иеленді.

Нәтижесінде Республикалық жарысқа Тараз қаласына жолдама алды.


Республикалық жарыс Тараз қаласында наурыз айының 01-05 аралығында ұйымдастырылды.

 

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған Х – жазғы оқушылар гимназиядасында Жекелей Мерген ойынында ІІІ орын алған Мұратов Аян марапатталды.

 

Сонымен қатар алғыс хатпен Мағзомов Фархат және Сисекеш Сапарбек марапатталды. Жарысқа Республиканың 14 облысы мен 3 қаласы қатысты.

 

Оқушылар жан – жақтан  келген жарысқа қатысушылармен өзара пікірлесіп, тәжірибе алмасты. 

 

Жетекшісі Кайыров Мурат Максутович М.Баймұханов орта мектебінің дене шынықтыру п әнінің мұғалімі.