М.Баймұханов атындағы орта мектебінде 2021 жылдың ақпан айының 4 жұлдызында 1 сыныптар арасында дене шынықтыру пәнінен "Көңілді эстафета" сайысы болып өтті. Эстафеталық жарыс өткізу арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, дене белсенділіктерін дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа, ауызбіршілікке баулу сабағымыздың басты мақсаттарының бірі. Жарыс әр сыныптың екі командаға бөлінуі арқылы ұйымдастырылды. Командалар өздерін таныстырып, топ ұрандарын ұрандатты. Жеңіске ұмтылған балалар 3 кезең бойынша бақ сынасты. 1-кезең кедергілерді айнала өту, 2-кезең допты аяқтарына қыстыра отыра жүгіру, 3-кезең допты алып жүгіру кезеңдерінен тұрды. "Көңілді эстафета" атты сайысымыз өз мәресіне жетіп, оқушыларды ынталандыру мақсатында әр оқушыға мадақтамалар беріліп, командалар жарысынынң нәтижиесі 1-ші, 2-ші орын дипломдарымен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/253-m-bajm-khanov-atynda-y-orta-mektebi.html#sigFreeIda411af0c0c













