М.Баймұханов атындағы орта мектебінде “Арт-терапия” тақырыбында ерекше білімді қажет ететін балалар мен қалыпты балаларды кіріктіре өткізіліп отырған шеберлік сағаты өткізілуде.
Арт-терапия дегеніміз – “арт” - өнер, “терапия” – қамқорлық,емдеу, яғни өнер арқылы емдеу дегенді білдіреді. Жалпы бұл мастер класстың негізгі мақсаты балалардың шығармашылық қабілетін, сонымен қатар ұсақ қол моторикасы мен танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Қазіргі уақытта осы мақсатты негізге ала отырып, мектеп психологы М.Идрисова және дефектолог А.Жеңісова желтоқсан айынан бастап әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері әртүрлі жас ерекшелігіндегі оқушылармен жұмыс жасауда. Оқушылар әр тапсырмаға жоғары белсенділікпен атсалысып, қызығушылықпен орындайды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/258-r-bir-bala-bir-zh-ldyz-zhar-yrauyna-k-mektes.html#sigFreeId2e35a64dbd













