Атырау облысы,Мақат ауданы М.Баймұханов атындағы орта мектептің әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Үлкендер жолы - ұлылық,ұрпағы жүрер ұғынып!" атты тақырыпта ардагер ұстаз Алтаева Дәмен Биханқызының төл туындысы "Отбасы жарастығы" кітабының тұсаукесері және сыр-сұхбат шарасы өткізілді.Шараға аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Т.Долдашев,аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.С.Құлтаев,зейнеткер ұстаздар З.Жоламанова, С.Қожантаева және мектептің жас мамандары қатысып, ізгі ниеттері мен жылы лебіздерін білдірді. Кітаптың тұсау кесер рәсімі аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Т.Долдашев және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, бірнеше кітаптың иегері, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Б.Сатимоваға жолданды. Кеш тағылымы мол,әсерлі өтті.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/261-lkender-zholy-lyly-rpa-y-zh-rer-ynyp.html#sigFreeIdd88710babb













