Атырау облысы,Мақат ауданы "М.Баймұханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  2021 жыл 1 наурыз Халықаралық алғыс айту күніне орай мектеп ұжымы, оқушылары мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен "Шын жүректен мың алғыс" атты тақырыпта  тәрбиелік шара өткізілді.Мектеп директоры Асемгүл Масатқызы мектеп тазалығы мен шаруашылығы,қауіпсіздігі үшін үлес қосқан техникалық қызметкерлерге алғыс білдірді.Сонымен қатар кәсіподақ ұйымының төрағасы,қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі М.Балтабайқызы жас мамандарға алғыс айта отырып,"Парыз" кітабын сыйға тартты.Оқушылар мен ата-аналар алғыс айту ашық хаттарын жолдап,өздерінің жылы лебіздерін стикерге жазып   стендге ілді.