Атырау облысы,Мақат ауданы "М.Баймұханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8-10 сынып қыз балалар арасында Халықаралық аналар мерекесіне орай "Мектеп аруы-2021" байқауы ұйымдастырылды.Шараның мақсаты:Қыз баланың бойына көркем-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.Қазақ халқының ұлттық өнерін,салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету. Оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін,шеберліктерін дамыту, көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу.Байқау қорытындысы бойынша барлық байқауға қатысушылар "Білімді ару","Өнерлі ару","Қылықты ару","Шебер ару","Талантты ару","Көрермен көзайымы"атты номинацияларымен марапатталды.Сонымен қатар "Мектеп аруы-2021" атағын 8 сынып оқушысы Болат Дильназ жеңіп алды.Құттықтаймыз!!!
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/269-m-bajm-khanov-atynda-y-orta-mektep.html#sigFreeId6a607e57a9













