Атырау облысы,Мақат ауданы Муса Баймұханов атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 17 наурыз "Тарихқа тағзым күні" Ұлыстың ұлы күніне орай «Пай-пай шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты тақырыпта тәрбие ісі орынбасарлары мен мектеп тәлімгерінің ұйымдастыруымен келіндер байқауы өткізілді. Қыз бала бой жетіп, ақ босағадан аттап, бір үйдің, бір әулеттің келіні атануы – ежелден келе жатқан қазақ дәстүрі. Ұлттық тәрбиені өн бойына дарыта алған қыз бала сол әулеттің түтінін түтетіп, шаңырағын биіктетіп, ауыл-аймаққа қадірлі болып кетеді. Қазақ келіні қашан да отбасындағы ауызбіршіліктің ұйытқысы болған. Келіндер байқауының басты мақсаты да – осы ұлағатты салт-дәстүрімізді жалғастыру, қазақ келіндерінің бейнесін дәріптеу, жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету.

Сайысқа мектебіміздің жас ұстаздары қатысып, бақтарын сынады.

Байқаудың нәтижелері бойынша суырылып алға шыққан жас ұстаздарымыз І дәрежелі диплом «Талантты келін» номинациясымен математика пәнінің мұғалімі Аңшыбаева Күнайым, ІІ дәрежелі диплом «Білімді келін» номинациясын бастауыш сынып мұғалімі Қапақова Толқын, ІІІ дәрежелі диплом «Шебер келін» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Нариманова Арайлым, Алғыс хат «Өнерлі келін» номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі Амантаева Мөлдір, Алғыс хат «Инабатты келін» номинациясы информатика пәні мұғалімі Әділова Мейірімгүл, «Алғыс хат» «Көрермен көзайымы» номинациясымен химия пәні мұғалімі Ақбергенова Нұрсәуле марапатталды. Байқауға қатысқан келіндерімізді мектеп әкімшілігі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы диплом мен алғыс хаттармен марапаттады.