Атырау облысы, Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектебінде Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай 16 наурыз "Шежіре күні" "Қош келдің, Әз Наурыз!" атты ұлттық нақышта көрме және ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Шараға ауданымыздың беделді ақсақалдарының бірі, көпті көрген көнекөз қария Досқалиев Жамбыл атамыз келіп, тарихтан сыр шертіп,қасиетті жеті шелпекке құран бағыштап, ұстаздарымызбен оқушыларымызға ақ батасын беріп, ақжарма тілектерін жаудырды және ұлттық ойындар " Қыз қуу" , "Арқан тартыс", "Асық ату", " Ләңгі тебу", "Қол күрестіру" ойнатылды.Тәлім-тәрбиеге толы шара өте тартымды,қызықты өтті.