2021 жылдың 20 сәуір күні Атырау облысы,Мақат ауданы Мұса Баймұханов атындағы орта мектебінде география, биология, химия апталығы аясында,мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының "Экология және еңбек" фракциясының іс-шара жоспарына сай ауданның белгілі өлкетанушы, құрметті азаматы Деңгелбаев Орақ Ерғалиұлымен кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты өлкетану бағытында оқушыларға туған жердің тарихын ұғындыру, ауданның шежіресін таныстыру болатын. Кездесу кешінде Орақ Ерғалиұлы өзінің жергілікті өлкенің зерттеу жұмыстарымен таныстырып, мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының "Экология және еңбек" фракциясы мүшелерінің қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге әр адам өз Отанын, өлкесін сүю, пайда келтіру, қызмет ету керек екендігінде тілге тиек етті. Кештің соңын "EkoSana" жобасына орай мектепті көгалдандыру мақсатында құрылған "Жасыл желек-жанға сая" атты жасыл мектеп бұрышының салтанатты ашылумен жалғасты.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/287-ekologiya-zh-ne-e-bek.html#sigFreeIdab4adadde2













