Атырау облысы, Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектебінде "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, 2021жылдың 21 сәуір күні "Имандылық - адамгершілік айнасы" атты тақырыпта түсіндірме жұмыс жүргізілді.
Мақсаты: имандылық сөзінің нақты мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерден үлгі алуға ұмтылдыру. Адамгершілік қасиетттерге бағыттау, оқушының рухани білімін, дүниетанымын байыту. Имандылыққа, парасаттылыққа, біліктілікке, адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Түсіндірме жұмыстары кезінде Жас Ұлан мүшелеріне иманды адам – айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлайтындығы туралы, оларға мейір - шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұру керектігі, әркімге әдеппен, ізетпен, инабаттылықпен қарайтындығы туралы айтылды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/290-imandyly-adamgershilik-ajnasy.html#sigFreeId5ed91d31e2













