Атырау облысы, Мақат ауданы М. Баймұханов атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 15 сәуір күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен "Кітапханаға кітап сыйла" акциясы өткізілді. Мақсаты: Кітапхана қорын көркем әдебиетпен толтыру және оқырмандардың кітап оқуға құлшынысын арттыру. Бұл акцияға мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысып, үй кітапханасындағы әр түрлі жанрдағы кітаптарын сыйға тартты. Акцияның ашылу салтанатын мектеп директоры Асемгул Масатовна ашып, құттықтау тілектерін білдірді. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сатимова Марияш Балтабайқызы өзінің төл туындысы "Шуақты ғұмыр" атты кітабын тарту етті. Ауданымыздың  "Мақат тынысы" газетінің бас редакторы Саликова Гулзада Есмырзақызы өзінің жылы лебізін білдіріп, көркем әдеби кітаптарын  кітапхана қорына ұсынды.