Атырау облысы, Мақат ауданы "М. Баймұханов атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жоспарға сәйкес адамзаттың ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жыл толуына және "12 сәуір Халықаралық ғарышкерлер күніне" орай 2021 жылдың 12 сәуір күні А.Хаудинаның ұйымдастыруымен "Ғарышкер күні" атты тақырыпта офлайн режимінде 6 "В" сыныбында ақпараттық сынып сағаты өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақстаннан ұшқан ғарышкерлер, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы оқушыларға мағлұмат беру. Оқушылардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру.













