Атырау облысы, Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектебі Қазіргі уақытта әр бір педагог үшін өз білімдерін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып,көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — жаңаша тәсіл — Lesson Study. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study–ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Осы орайда мектебімізде сабақты зерттеуге байланысты топ құрылып, өз жұмыстарын бастады.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/300-lesson-study.html#sigFreeIdd7202e3a1b













