Тәрбие жоспарының кезекті денсаулық бағыты бойынша 5 "г" сыныбында сынып жетекшісі Шара Жандарбекқызының ұйымдастыруымен "Салауатты өмір салтын сақтайық!" тақырыбында сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатының ашылуында мектеп медбикесі өзінің балаларға ақыл-кеңесін айтып өтті. Одан әрі балалардың жас ерекшелігіне сай қызықты тапсырмалар беріліп, оқушылар өте белсенді қатысты. Жетекшісі балаларға адам денсаулығын қалай күту керек, қалай жүру керек, сол жөнінде қызықты ақпараттармен бөлісті. Балаларға маңызды ақпараттар берілді.