Атырау облысы,Мақат ауданы "М.Баймұханов атындағы орта мектеп" КММ 2021жылы 18 қазан күні 9 сынып оқушылары арасында  "Поэзия! сен менімен егіз бе едің"  атты  поэзиялық кеш ұйымдастырылды. Поэзиялық кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну. Сайыс қорытындысы бойынша 9ә сыныбы  1ші орынды , 2 ші орынды 9б сыныбы, 3ші орындарды 9а, 9в сыныптары иеленіп,дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!