Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында педагог-шебер санатындағы пән мұғалімі М.Сатимованың ұйымдастыруымен жасмамандар арасында "Біз жастарға сенеміз" атты сайыс өткізілді.
Сайысқа мектебімізден әр пән бірлестіктерінен мұғалімдер қатынасты. Сайыс үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімі "Жергілікті ақындар мұрасы - болашақтың қазынасы" тақырыбында жергілікті ақындар шығармаларын жатқа оқудан, екінші бөлімі "Латын әліпбиін үйренеміз", үшінші бөлім "Өз өнерім - өмірімнің серігі" тақырыбында өтті. Сайысқа жастарымыз белсене қатысып, қорытындысында ІІІ орынды ағылшын тілі пән мұғалімі Г.Балпейсоваға, ІІ орынды көркем еңбек пәні А.Кипова, І орынды орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Тагиева алды. Мектеп директоры А.Сариева және мектеп кәсіподағының мүшесі М.Сатимова, ағылшын тілі пән мұғалімі А.Кумарова қатысушыларды марапаттап, сыйлықтар табыстады.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/134-7745612.html#sigFreeId7e3fce9447













