Аудандық  білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен, рухани жаңғыру аясында М.Баймұханов атындағы орта мектеп базасында, «Менің сүйікті кейіпкерім» сайысы болып өтті.

Мақсаты: Оқушылардың Отанға, елге деген патриоттық  сезімін шыңдау. Оқушылардың кітап кейіпкерлері арқылы кітапқа деген құштарлығын ояту; Тың тақырыпта шығарма жаздыру арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту; Шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Байқау шарттары төрт кезеңнен тұрды.

 

  1. «Менің сүйікті кейіпкерім» эссе жазу.
  2. «Мені танисың ба?» аудио-жазбадан кейіпкерді табу.
  3. «Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап.
  4. «Сурет әлемі» кейіпкердің суретін салу.

 

Байқау кезінде 1 орынды М.Баймұханов мектебінің 6 сынып оқушысы Зинолла Іңкәр, 2 орынды Л.Шахатов атындағы орта мектебінің  6 сынып оқушысы Мырзағали Қарақат, 3 орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жұмағалиев Қайсар иеленді.