М.Баймұханов атындағы орта мектептің 4 сыныптар арасында 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ал, қане қыздар» атты сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу. Сайысқа 4 топ қатысты: «Қызғалдақ», «Ақгүлдер», «Раушан», «Бәйшешек». Әр бөлімді орындаған сайын ата-аналар, оқушылар, ұстаздар сайысқа қызыға қарап қолдау көрсетіп отырды. Осындай қызықты сайысты көріп, жақсы дем алып қызықты өтті. Сайыстың «Қасықпен шарик тасу» бөлімінде Терекбай Інжу, Досқали Айғаным сияқты ойыншылар жерге шарикті түсірмей белгіленген межеге дейін барып келді.
Келесі «Допты домалатып апарып, қазақ тілінен берілген тапсырманы» орындау барысында ойыншылар өте жақсы белсенділік танытты. «Қол өнер» бөлімінде Терекбай Інжудің дайындаған «Құмыра гүл салған» суретін кестемен тігіп, ілгектермен әшекейлеп өрнектелген бөлімі өте ұнамды болды. Болашақта осындай шебер қолдар көбейе берсін.
Сайыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы мүшелерінің келісімімен 1-ші орынға «Қызғалдақ тобы», 2-орынға «Бәйшешек тобы», «Раушан топтары», 3-орынға «Ақгүлдер тобы» иемденіп, дипломдармен марапатталды.
https://shbaimuhanov-atyrau.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/138-al-ane-yzdar.html#sigFreeIda776694671













